
2021 жылғы 20 мамырда Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Е.Ашықбаевтың «Chevron» компаниясының Еуразия-Тынық Мұхит өңірі бойынша Президенті Найджелом Хирнмен виртуалды кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар «Chevron» компаниясымен мұнай-газ саласында қалыптасқан ынтымақтастықтың жоғары деңгейі мен бірлескен инвестициялық жобалардың сәтті іске асырылуын баса айтты. ҚР Елшісі COVID-19 індетіне қарсы күрес барысына қосқан компанияның көмегі үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, алдағы Қазақстан-Америка Сауда және инвестициялық форумына дайындық барысы талқыланып, «Chevron» компаниясының Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесіндегі көшбасшы рөліне қазақстандық тарапының ризашылығы, сондай-ақ Қазақстанға қатысты Джексон-Вэник түзетуін алып тастау мен «әдеттегі сауда қатынастарын» орнатуға бағытталған АҚШ Конгресімен тығыз ынтымақтастыққа үміт білдірілді.