АҚШ Сауда палатасының жанында Қазақстан-Америка іскерлік кеңесінің мүшелерімен виртуалды кездесу өтті

АҚШ Сауда палатасының жанында Қазақстан-Америка іскерлік кеңесінің мүшелерімен виртуалды кездесу өтті

Вашингтон қ., 2021 жылғы 1 маусым – АҚШ Сауда палатасының алаңында Қазақстанның АҚШ-тағы Елішісі Е.Ашықбаевтың Қазақстан-Америка іскерлік кеңесі мүше-компанияларының өкілдерімен виртуалды кездесуі өтті.

Іс-шара шеңберінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда және экономикалық ынтымақтастығы, сондай-ақ инвесторлар кездестіретін  қауіп-қатерлерді бәсеңдетуге арналған жаңа реформалар мен Қазақстанда инвестициялық климатты арттыруға бағытталған шаралар жөнінде шолу жүргізілді.

Сонымен қатар, кездесу қатысушылары арнайы инвестициялық келісімнің тетігін, Қазақстанның баламалы энергия көздері саласындағы басымдықтарын, ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты және қаржы саласына инвестицияларды салу мүмкіндіктерін талқылады.