
Бүгін АҚШ-тағы ҚР Елшісi Ашықбаев АҚШ Мемлекеттік департаменттің Әйелдердің жаһандық мәселелері жөніндегі кеңсесінің аға лауазымды тұлғасы Катрина Фотоватпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар әйелдердің экономикалық құқықтарын кеңейту саласындағы мәселелерді және жаңа жұмыс орындарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия өңірінде әйелдер кәсіпкерлігін ілгерілетуге бағытталған бірлескен бастамаларды талқылады.