АҚШ Сауда палатасының жанындағы Қазақстан-Америка іскерлік кеңесінің алаңында АХҚО мен СЖРА таныстыру вебинары өтті

АҚШ Сауда палатасының жанындағы Қазақстан-Америка іскерлік кеңесінің алаңында  АХҚО мен СЖРА таныстыру вебинары өтті

АҚШ Сауда палатасының жанындағы Қазақстан-Америка іскерлік кеңесінің алаңында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (СЖРА) қатысуымен вебинар өтті.

Іс-шара шеңберінде Қазақстанның инвестициялық ахуалы мен бизнес-ортаны жетілдіруге бағытталған реформалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында шетелдік инвесторлардың мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар бойынша шолу жүргізілді.

Америкалық бизнес өкілдері ұлттық экономика дамуының оң қарқынын сақтап қалу және еліміздің инвестициялық тартылымдылығын арттыру мақсатында дағдарысқа қарсы қабылданған Үкімет шараларымен таныстырылды.

СЖРА Төрағасы, АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов Ағылшын құқығының қағидаттары мен нормалары, сондай-ақ инвестицияларды қорғау жан-жақты заң режимінің негізінде Орталық Азия өңіріндегі алғашқы қаржы институты болып құрылған АХҚО-ның ерекше рөлін атап өтті.

Атап айқанда, Қ.Келімбетов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар және Үкімет басшысының төрағалығындағы Инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі кеңестердің шеңберінде тұрақты түрде қаралатын жаңа инвестициялық құралдар мен бастамалар туралы баяндады. Жаңа нормативтік жүйені, америкалық серіктестермен ынтымақтастықты тереңдету және екіжақты өзара іс-қимыл салаларын әртараптандыру бойынша іс-шаралар ерекше орын алды.

Осы тұрғыда мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталық органы ретінде Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бастапқы рөлі мен оның Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жақында құрылған  Реформалар жөніндегі жоғары кеңеспен тұрақты өзара байланысуы белгіленді.

Өз кезегінде, америкалық бизнес өкілдері бизнес жүргізу институттарының тұрақтылығына және Қазақстанда шетелдік инвесторларды қолдау бойынша қажетті нормаларды қабылдауға бағытталған Қазақстанның қабылдап жатқан шаралардың өзектілігіне назар аударды. АҚШ Сауда палатасының бас вице-президенті Хуш Чоксидің пікірінше, аталған іс-шаралар Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай жаңа бірлескен жобалар арқылы ынтымақтастықты күшейтіп, сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі тереңдетуге маңызды серпін беруге тиіс.

          

    ***

АХҚО Нұр-Сұлтан қ. (Қазақстан) 2018 жылғы 5 шілдеде жұмысын бастаған қаржы хаб. Ол Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Таяу Шығыс, Батыс Қытай, Моңғолия мен Еуропа елдері үшін қаржы ресурстарын тарту мақсатында маңызды рөлді атқарады.

СЖРА Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік жоспарлау жүйесінде негізгі бөлік болып табылады.

АҚШ-тағы ҚР Елшілігі