Вашингтонда Қазақстанның медиаторлық рөлі жоғары бағаланды

Вашингтонда Қазақстанның медиаторлық рөлі жоғары бағаланды

2020 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің қатысуымен танымал америкалық профессор Фредерик Старрдың және Орталық Азия және Кавказ институтының (CACI) директоры Сванте Корнеллдің Қазақстанның халықаралық аренадағы медиаторлық әрекетіне арналған монографиясының тұсаукесері өтті.

Аталған жазба өткен ғасырдың 90-жылдарының басынан бергі кезеңді қамтиды және жақын арада өткен оқиғаларды сипаттайды. Авторлардың айтуынша, жуырда ғана Қазақстан Иранның ядролық мәселесі мен Украина қақтығысынан бастап, түрік-ресей қатынастары мен Сирия азаматтық соғысына дейінгі бірнеше халықаралық дауларда медиаторлық рөлін атқара бастады.

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Қазыханов аудиторияның назарын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қатынастардағы қауіп-қатерлерді азайтуға және сенім атмосферасын құруға бағытталған еліміздің ұзақ мерзімді стратегиясын құрудағы рөліне аса мән берді.

Атап айтқанда, Семей полигонын жабу, әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту және Қазақстан аумағында АЭХА-ның төмен байытылған уран банкін құру сияқты қадамдар біздің еліміздің ядролық қаруды таратпау саласындағы бірегей рөлінің жарқын дәлелі болды. Қазақстан табысты экономикалық дамудың көрнекі үлгісі және өңірлік пен жаһандық қауіпсіздіктің маңызды көзі болып табылады.

Талқылау барысында Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының (IISS) өкілі Дэвид Меркель Қазақстанда бар халықаралық қатынастар саласындағы байыпты зерделеуге лайық дипломатиялық, сараптамалық және талдамалық базаға назар аударды.

Қатысушылар бітімгершілік, бейбітшілік құру және қақтығыстарды реттеу саласындағы ел басшылығының дәйекті саясатын атай отырып, Қазақстан Республикасының бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі күш-жігерін құптады.

АҚШ-тағы ҚР Елшілігі