Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы ақпараттық хабарлама

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!


2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі жанындағы №249 сайлау учаскесінде

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының

кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.

Елшіліктің мекен-жайы: 1401 16-көше, Солтүстік-Батыс, Вашингтон қаласы, Колумбия округі, 20036

 

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.

Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі жанындағы №249 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

 

Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Америка Құрама Штаттарының аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) (consuldc@mfa.kz) электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен алдын ала жіберу қажет және сайлау күні өздеріңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс.

 

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

+1-202-232-5488 (ішкі нөмірлер 121, 129).