Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу

Азаматтығын жоғалту – Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың түрі.

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту негіздері:

  • Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
  • Егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
  • Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
  • Егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін басқа мемлекеттің азаматтығын растайтын құжаттарды пайдаланған жағдайда;
  • Егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса;
  • Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, шетелдіктерге асырап алуға берілген бала кәмелетке толған кезде оның ерікті қалауы бойынша;
  • Адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан жоғалтады.

          Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

ҚР аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсатты ресімдеген азаматтар үшін:

  • өтініш (еркін нысанда);
  • ҚР азаматының паспорты. Егер паспорт болмаған немесе жоғалтып алған жағдайда жазбаша түсініктеме не аталған фактіні растайтын басқа құжат ұсынылады;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі болмаған немесе жоғалған жағдайда бұл туралы түсініктеме не осыны растайтын өзге құжат ұсынылады. Бұл талап ҚР аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсаты бар жағдайларға қолданылмайды.
  • шетел азаматы паспортының көшірмесі немесе шет мемлекеттің азаматтығын растайтын басқа құжат.

Келесі жағдайларда қосымша құжаттар тапсырылады:

Анықтамалық деректер өзгерген жағдайда (А.Ә.Т):

  • аталған фактіні растайтын құжат;

Кәмелет жасқа толмаған баласы үшін ата-анасы (ҚР азаматы немесе ҚР азаматы болған) құжат тапсырған жағдайда:

  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі;

Келесі жағдайларда қосымша құжаттар тапсырылады:

Анықтамалық деректер өзгерген жағдайда (А.Ә.Т):

  • аталған фактіні растайтын құжат.

ЕСКЕРТПЕ:

  • Пошта арқылы жіберілген құжаттар қарастырылмайды.
  • шет тілде жасалған құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармамен табыстауға міндетті. Шетелдік паспорттың аудармасы қажет емес.

-

  • Қызмет - тегін;
  • Анықтаманы беру – 50 АҚШ доллары.

    Консулдық алым консулдық бөлімде банк терминалы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады. PayPal, Venmo, Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay, сондай-ақ VISA, MasterCard, AMEX, DISC, JCB және UnionPay карталары қабылданады.

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: 1401 16-көше, Солтүстік-Батыс, Вашингтон қаласы, Колумбия округі

Телефон арқылы хабарласыңыз:+1 (202) 232 5488 ішкі 127, 109, 121 және / немесе электрондық пошта: consuldc16@gmail.com; consuldc@mfa.kz.

Дата публикации
01 января 2020
Дата обновления
28 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
17 января 2026
Қазақстан Республикасының шетелде қиын жағдайға ұшыраған азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру
15 января 2026
ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу
26 апреля 2025
The Golden Warrior of the Kazakh Steppe

Социальные медиа

Фейсбук
Твиттер

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары