Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚР Консулдық мекемелері арқылы ҚР азаматтарына:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға;
  • шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатындарға;
  • шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға;
  • көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға;
  • шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;
  • жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және организм функциялары бұзылып, тұрмыс-тіршілігін шектейтіндей тұрақты денсаулығы нашарлаған адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға;
  • шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталғандарға, қамауға алынғандарға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілерге көрсетеді.

Назар аударамыз!!!

  • Пошта арқылы жіберілген құжаттар қарастырылмайды!
  • Аталған қызметті алу үшін өтініш берушінің Қазақстан аумағында тіркелген болуы талап етіледі. Бұл талап тұрақты тұруға кетуге рұқсат рәсімдеген азаматтарға қолданылмайды.
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу Консулдық мекеменің құзыретіне жатпайды.
  • Кәмелетке толмаған ҚР азаматтары үшін ата-анасы немесе ресми өкілі жүгіне алады.
  • Өтініш.
  • Нысан.
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде).
  • Өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті төрт фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді).
  • Фотосуретке және қол қоюға шағым жоқ туралы өтініш.
  • Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде).
  • Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) шетелге бару үшін берілген паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде).
  • Тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжаттың бірі (түпнұсқа және көшірме).
  • АҚШ тұрақты тұрғынының картасының (Green Card) апостиленген көшірмесі;
  • АҚШ тұрақты тұрғынының картасының (Green Card) нотариалды түрде куәландырылған аудармасы (мемлекеттік немесе орыс тіліне);
  • Паспорттағы «АҚШ-қа тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат етілді» белгісінің және/немесе ҚР ІІМ Көші-қон қызметі берген кету парағының, хабарламаның көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін).
  • Өтініш берушінің күндізгі оқу формасында білім алып жатқанын растайтын I-20 нысанының апостиленген көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін);
  • I-20 нысанының мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды түрде куәландырылған аудармасы.

Назар аударыңыз! Аталған қызметті алу үшін өтініш берушінің Қазақстан аумағында тіркелген болуы талап етіледі.

  • Жарамды "Work Authorization" құжатының немесе АҚШ тұрақты тұрғынының картасының (Green Card) апостеленген көшірмесі;
  • Жарамды "Work Authorization" құжатының немесе АҚШ тұрақты тұрғынының картасының (Green Card) мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды түрде куәландырылған аудармасы;
  • Еңбек шартының немесе ресми жұмысқа орналасқанын растайтын өзге құжаттың апостиленген көшірмесі 
  • Еңбек шартының немесе ресми жұмысқа орналасқанын растайтын өзге құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды түрде куәландырылған аудармасы.

    Назар аударыңыз!Аталған қызметті алу үшін өтініш берушінің Қазақстан аумағында тіркелген болуы талап етіледі.
  • Неке туралы куәліктің апостиль қойылған көшірмесі;
  • Неке туралы куәліктің нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аудармасы;
  • Өтініш берушінің тегі өзгерген жағдайда, жұбайының тегіне ауысқанын растайтын құжат ұсынылуы қажет (мысалы, Petition for name change немесе неке туралы куәлікте тиісті жазбаның болуы). Аталған құжаттың түпнұсқасы салыстыру үшін ұсынылады.
  • шетел азаматтығының жоқтығын растайтын құжат (АҚШ тұрақты тұрғынының картасының (Green Card) апостиленген көшірмесі, АҚШ-тың қолданыстағы иммиграциялық визасы және т.б.).

Назар аударыңыз! Аталған қызметті алу үшін өтініш берушінің Қазақстан аумағында тіркелген болуы талап етіледі.

  • Егер мұндай анықтаманы алу мүмкіндігі болатын елдің заңнамасында көзделген болса, консулдық орналасқан елдің құзыретті органынан азаматтығы жоқ екендігі туралы анықтама.
  • Консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.
  • Туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат. Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда).
  • Құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - күнтізбелік 90 күн
  • 100 АҚШ доллары

    Консулдық алым консулдық бөлімде банк терминалы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады. PayPal, Venmo, Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay, сондай-ақ VISA, MasterCard, AMEX, DISC, JCB және UnionPay карталары қабылданады.

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: 1401 16-көше, Солтүстік-Батыс, Вашингтон қаласы, Колумбия округі

Телефон арқылы хабарласыңыз: +1 (202) 232 5488 ішкі 109, 127, 121 және / немесе электрондық пошта: consuldc16@gmail.com; consuldc@mfa.kz.

Дата публикации
17 января 2020
Дата обновления
14 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
17 января 2026
Қазақстан Республикасының шетелде қиын жағдайға ұшыраған азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру
15 января 2026
ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу
26 апреля 2025
The Golden Warrior of the Kazakh Steppe

Социальные медиа

Фейсбук
Твиттер

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары