НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Құжаттар тек жеке қабылданады және беріледі (құжаттар пошта арқылы қабылданбайды)! Құжаттар Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы өкілдігіне штаттардың бөлінуіне сәйкес ұсынылуы керек (қызмет орны).
Консулдық алым – көзделмеген.
Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күн.
Азаматтарды қабылдау алдын-ала тіркелу арқылы жүзеге асырылады: ТІРКЕЛУ
Құжаттар тізімі:
Кеме капитанының көрсетілетін қызметті берушіге жеке өзі жүгінген кезде:
1) өтініш (капитанның жеке мәліметтерін, кеменің атауын, капитанның азаматтығын, капитанның тіркелген портын, кеменің иесі туралы мәліметтерді, кеменің жүру бағдарын, оқиға болған жердің координаттарын, тасымалданатын жүктің өлшемі мен сипатын, жолаушылар санын, теңіз оқиғасының мән-жайын (теңіз апаты), теңіз оқиғасының салдарын көрсете отырып);
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы);
3) кеме журналы және одан үзінді (салыстыру үшін түпнұсқасы және көшірмесі);
4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.