НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Құжаттар тек жеке қабылданады және беріледі (құжаттар пошта арқылы қабылданбайды)! Құжаттар Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы өкілдігіне штаттардың бөлінуіне сәйкес ұсынылуы керек (қызмет орны).
Консулдық алым – көзделмеген.
Қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күн.
Азаматтарды қабылдау алдын-ала тіркелу арқылы жүзеге асырылады: ТІРКЕЛУ
Құжаттар тізімі:
1) балаларды есепке қою туралы өтiнiштің толтырылған екі данасы;
2) балаларды есепке қою жеке карточкасының толтырылған екі данасы;
3) ішкi iстер органдарының шетелде тұрақты тұруға шығу туралы рұқсат жазбасы бар, шетелдіктердің асырауына берілген балаға - Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі – бала) берілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының түпнұсқасы;
4) баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке басын сәйкестендіру және салыстырып-тексеруі үшін);
5) баланың 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосуретi;
6) баланың туу туралы куәлiгi (салыстырып-тексеруі үшін);
7) шетелдіктердің баланы асырап алуы туралы өтінішін қанағаттандыру туралы, сотпен куәландырған, сот шешімі (салыстырып-тексеруі үшін).