Құрметті азаматтар мен өтініш берушілер!
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық мекемелерінде шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) рәсімдеу жөніндегі пилоттық жоба тоқтатылғанын хабарлаймыз.
Осыған байланысты шетел азаматтарының мемлекеттік цифрлық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ресми eResidency онлайн-платформасы іске қосылды. Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасының мемлекеттік бастамасы болып табылады және қашықтықтан форматта цифрлық сәйкестендіру мен ЖСН алуға мүмкіндік береді.
eResidency арқылы ЖСН алудың артықшылықтары:
Осыған байланысты барлық мүдделі шетел азаматтарына ЖСН және оған байланысты қызметтерді алу үшін аталған сервисті пайдалануды ұсынамыз.
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) — электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның иесіне тиесілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
ЭЦҚ тіркеу куәлігін алғаннан кейін тиісті жабық кілтті пайдалана отырып электрондық құжаттарға қол қоюға болады. ЭЦҚ-ның дұрыстығы электрондық құжатқа қоса берілген тіркеу куәлігі арқылы тексеріледі.
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде цифрлық қызметтерді алу үшін міндетті болып табылады және бірегей идентификатор болып саналады.