Меню

Страницы

Статья

АҚШ-ға шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама

АҚШ-ҚА БАРАТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

🛂Виза тәртібі

Қазақстан мен АҚШ арасында визалық режим бар. Сапар мақсатына сәйкес келесі виза түрлері:

  • B1/B2 — іскерлік/туристік;
  • F — оқу (ЖОО, тіл курстары);
  • J — алмасу бағдарламалары;
  • H, L, O — келісімшартпен жұмыс істеу.

Кіру мерзімін АҚШ шекарашылары I-94 жүйесінде тіркейді.

🛃Кеден ережелері

  • Тыйым салынған заттар: есірткі, рұқсатсыз қару, ет, жеміс, тұқым, өсімдіктер;
  • $10,000-нан жоғары ақшаны декларациялау қажет;
  • Жеке заттар — тек жеке қолдануға рұқсат етіледі.

📘Паспорт

Паспорт сапардан кейін кемінде 6 ай жарамды болуы қажет. 1–2 бос бет болуы керек.

🏥Медициналық сақтандыру

  • Жедел көмек пен ауруханаға жатқызуды қамтуы тиіс;
  • Пациентті тасымалдау/елге қайтару;
  • Кез келген штатта жарамды;
  • 24/7 байланыс желісі.

👔Заң және тәртіп

  • Мас күйде көлік жүргізу — қылмыс;
  • Қоғамдық орында шылым шегуге тыйым салынуы мүмкін;
  • Грубость, агрессия — қабылданбайды;
  • Пара беру немесе алу — заңсыз.

📱Пайдалы кеңестер

  • Google Maps, Uber, аударма қосымшаларын жүктеңіз;
  • Visa/MasterCard, Apple Pay қолданыңыз;
  • SIM-карта алыңыз немесе роуминг қосыңыз;
  • 110 В ток, A/B типті розеткалар — адаптер керек;
  • Бағаларға салық (5–10%) қосылады.

📑Оқу, жұмыс, тұрақты тұру

  • Құжаттарды апостильдеу/заңдастыру;
  • Ағылшын тіліне нотариалды аударма;
  • USCIS талаптарын зерделеу.

🚨Төтенше жағдайлар

  • Қамау, қауіп немесе ЖКО — консулмен кездесу талап етіңіз;
  • Құжаттарға аудармасыз немесе консулсыз қол қоймаңыз;
  • Елшілік немесе Бас консулдықпен байланысыңыз.

✅ Сәтті сапар тілейміз!

Дата публикации
30 марта 2025
Дата обновления
15 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
17 января 2026
Қазақстан Республикасының шетелде қиын жағдайға ұшыраған азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру
15 января 2026
ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу
26 апреля 2025
The Golden Warrior of the Kazakh Steppe

Социальные медиа

Фейсбук
Твиттер

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары