
Варшава, 2024 жылғы 20 мамыр, Польша Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісі Әлім Кирабаевтың Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары Роберт Купецкиймен кездесуі өтті.
Әңгімелесу барысында қазақстан-поляк ынтымақтастығының жай-күйі мен болашағы туралы мүдделі пікір алмасу өтті. Басым салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге өзара дайындығы расталды.
Көпжақты алаңдарда қазақстандық бастамаларды қолдау, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропаны байланыстыратын халықаралық транзиттік-көлік жобаларын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, поляк дипломаты Қазақстан Республикасының Еуроодақпен экономикалық ынтымақтастығының кейбір аспектілері туралы егжей-тегжейлі хабардар етілді.
Өз тарапынан Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстанның аймақтағы Варшаваның ең маңызды серіктесі екенін растап, Астанамен өзара тиімді әріптестікті одан әрі жалғастыруға дайын екендігін атап өтті.