Ү.ж. 29 маусымда «Почта Польска» (Poszta Polska) компаниясының орталық ғимаратында Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған марканы шығару рәсімі өтті.
Пошталық марканы шығару жобасы ұлы қазақ ақынының мерейтойын мерекелеу аясында Варшавадағы Қазақстан Елшілігінің бастамасымен «Почта Польска» АҚ жүзеге асырды.
Іс-шараға Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің өкілдерімен қатар «Почта Польска» АҚ мен Польша Сыртқы істер министрлігінің басшылығы қатысты.
Өз сөзінде Қазақстанның Польшадағы Елшісі Әлім Қирабаев қазіргі ұрпақты адалдық пен әділеттілік қағидаларын басшылыққа алуға, сондай-ақ өз халқына қызмет етуге және ағартуға ұмтылуға шақырып, шабыттандыратын ұлы жазушының философиялық идеялары мен өлмес әдеби мұрасының өзектілігін атап өтті.
«Почта Польска» АҚ төрағасы Томаш Здзикота Қазақстан мен Польшаның филателия саласындағы жемісті және ұзақ мерзімді ынтымақтастығына тоқталып, ұлы қазақ ағартушысының бейнесі салынған пошталық маркасы филателистер арасында үлкен қызығушылық тудырып, бірлескен сәтті жобалардың дәлелі болатынына сенім білдірді.
Іс-шара барысында Польша Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Департамент директоры Я.Хофмокл, Абайдың шығармашылық мұрасының маңыздылығы мен ауқымын айта отырып, 2001 жылы Қазақстанға жасаған сапардың барысында Рим Папасы Иоанн Павел II-ші дәйексөз жасаған Абайдың «Қара сөздер» әйгілі әдебиет шығармашылығымен тындаушыларды танысуға шақырды.
Жалпы, Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында өткізілген шара поляк аудиториясын Қазақстан халқының мәдени мұрасы мен рухани байлығымен таныстыруға жақсы мүмкіндік ұсынды.
Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Елшісі поляк тарапына Абайдың «Қара сөздер» кітабының поляк тіліндегі бірнеше данасын табыстады.