2022 жылғы 4 мамырда Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің қызметкерлері Освенцим қаласындағы «Аушвиц – Биркенау» Мемлекеттік мұражайына барды.
Қазақстандық дипломаттар Мұражайдың мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойып, «Аушвиц – Биркенау» фашистік концлагерь құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Сапар барысында Кешенің директоры П.Цивинскиймен кездесу өткізіліп, Қазақстан Республикасының Елшісі Ә.Қирабаев мұражайдың естелік кітабына жазба қалдырды.
«Аушвиц – Биркенау» (Освенцим) - ең үлкен және ұзақ жұмыс істеген нацистік құрбандықтардың лагері, сондықтан ол Холокосттың ең қайғылы белгілерінің біріне айналды. 1941-1945 жылдары Освенцимде 1,4 миллионға жуық адам, оның ішінде 1,1 миллионға жуық еврейлер қайтыс болған. Тұтқындардың арасында осы лагерьде қаза тапқан әскери тұтқындар – Қазақстанның тумалары да болды.
Лагерь 1945 жылы 27 қаңтарда маршал Коневтің басқаруындағы әскерлермен босатылды. 1947 жылы бұрынғы фашистік концентрациялық лагерь «Аушвиц - Биркенау» орнында мұражай құрылды. 1979 жылы ол ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді.
27 қаңтар - Лагерьді босату күні - БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 2005 жылы Халықаралық Холокостты еске алу күні болып жарияланды.