Құрметті Польша Республикасында тұрып жатқан Қазақстан азаматтары!
Польша Республикасының Бас санитарлық инспекциясы коронавирустық инфекцияны жұқтыру күдігі туған жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы ақпарат беретін Ұлттық денсаулық сақтау қорының арнайы жедел желісі іске қосылғанын хабарлайды.
Жедел желі тәулік бойы, аптасына жеті күн 800-190-590 нөмірі бойынша жұмыс істейді.
Егер сіз соңғы 2 апта ішінде CORONAVIRUS таралған елде болсаңыз және сізде жөтел, ентігу, тыныс алудың бұзылуы, қызба сияқты белгілер бар болса, поляк эпидемиологиялық қызметіне электронды почта арқылы хабарласыңыз: koronawirus@pssewawa.pl (аты, тегі, телефон нөмірі, денсаулық жағдайы, қай елде болғаныңыз, күні); немесе ауыр белгілер туындаған жағдайда 112 сенім телефонына немесе жақын орналасқан Инфекциялық бөлімге қоңырау шалыңыз:
Егер сізде сұрақтар туындаған болса ҚР Польшадағы Елшілігіне төменде көрсетілген телефондарға хабарласыңыз:
☎+22 642 53 88, +22 651 58 61.