Коронавирустың (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында ҚР мемлекеттік органдары қабылдаған келесі санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ескерулеріңізді сұраймыз.
Сондай-ақ, ҚР Үкіметі 1а), 1б), 2, 3 елдерімен халықаралық жолаушылар тасымалын шектеу бойынша шаралар қолданатынын назарға алыңыз.
|
Елдің санаты |
Санаттарға сәйкес елдерден келетін тұлғаларға қатысты іс-шаралар |
Түсініктеме |
|
1а)
|
Қазақстанға кіруге шетел азаматтары үшін уақытша шектеу Қытайда, Иранда, Оңтүстік Кореяда немесе Италияда соңғы 30 күн ішінде болған тұлғалар жатады
|
Ерекшеліктер: Қызметтік және дипломаттық паспорттардың иелеріне, авиакомпаниялар ұшқыштары және экипаж мүшелеріне, локомотив бригадаларына, темір жол көлігінің тасымалдау қызметіне байланысты адамдарға және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасы аумағына келгеннен кейін жергілікті атқарушы органдар белгіленген үй-жайда оқшаулана отырып, 14 күнге карантинге жатады.
|
|
1б) |
Қазақстанға кіруге шетел азаматтары үшін уақытша шектеу 1б) санаттағы елдердің аумағында соңғы 30 күн ішінде болған тұлғалар жатады
|
Ерекшеліктер: Ресми және үкіметтік делегацияларға, сондай-ақ қызметтік және дипломаттық паспорттардың иелеріне, авиакомпаниялар ұшқыштары және экипаж мүшелеріне, локомотив бригадаларына, темір жол көлігінің тасымалдау қызметіне байланысты адамдарға және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасы аумағына келгеннен кейін 2 санатты ретінде қоңырау шалу арқылы тұратын орны бойынша медициналық бақылау жүргізіледі.
|
|
2. |
Денсаулық жағдайына қашықтықтан мониторинг жүргізу (телефон арқылы қоңырау шалу) 2-санаттағы елдерден келгенінен 14 күннен аз азаматтарға қашықтықтан мониторинг жүргізіледі
|
Тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында жүріп-тұруына құқығы бар (үздіксіз медициналық бақылауды қамтамасыз ету үшін тұлға медициналық ұйымды өзінің орнын ауыстыруы туралы хабардар ету тиіс).
Күн сайын 14 күн бойы медицина қызметкері телефон арқылы тұлғаның денсаулық жағдайына қатысты сауалнама жүргізеді. |
Қосымша
COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдер
|
1 а) санат |
ҚХР Иран Оңтүстік Корея Италия |
|
1 б) санат |
Франция Германия Испания
|
|
2 санат |
Ұлыбритания Швейцария Нидерланд |
|
3 санат |
Бельгия Швеция Норвегия Үндістан Ирак Филиппин АҚШ
|
Қазақстан Республикасына келген соң паспорттық бақылау қызметкерлері Сізден шағын сауалнаманы (үлгісі төменде беріледі) толтыруды сұрауы мүмкін.
_____________________________________
Егер Сізге Қазақстан Республикасына келу үшін виза қажет болса, келесі ақпаратты назарға алуды сұраймыз:
_____________________________________
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер арқылы ақпарат алуға болады:
Польшада: +48 22 642 53 88
Қазақстанда: 1406
_____________________________________
Сауалнама үлгісі
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ
САУАЛНАМА