Қазақстан Республикасы азаматының (ескерту жасына қарамастан) басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды («Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы).
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.
Шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы осы баптың екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабарламау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Өтінішті қарау үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынуы қажет:
* Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттар жоғалған жағдайда, өтініш беруші құжаттардың қашан және қандай жағдайларда жоғалғанын көрсете отырып, еркін нысанда түсіндірме жазба ұсынуы қажет.
Назар аударыңыз:
Қосымша құжаттар
Тегінің және (немесе) өз есімінің өзгеруіне байланысты:
Кәмелетке толмаған баланың атынан құжаттарды ата-анасы (ҚР азаматы немесе бұрынғы азаматы) тапсырған жағдайда:
Тұрақты тұру үшін шетелге шығуды (ТТЖ) ресімдеген жағдайда:
Қызмет көрсету мерзімі
5 (бес) жұмыс күн
ҚР шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны туралы қорытындыны 5 жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттармен бірге Министрлік арқылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жолдайды.
Консулдық алымның мөлшері
ҚР азаматтығынан айырылуды тіркеу үшін консулдық алым алынбайды
Консулдық қызметтерге кезекті онлайн брондау сілтемесі:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/online-booking?lang=kk
Қабылдау - тек алдын-ала жазылу бойынша
Консулдық бөлімнің жұмыс тәртібі:
Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:
9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау
15:00-ден 16:00-ге дейін – құжаттарды беру
Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда консулдық бөлімге келесі байланыс деректері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: konsulatkz@gmail.com., +48 (22) 651-58-61.