Меню

Страницы

Статья

ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу

Құрметті азаматтар мен өтініш берушілер!

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық мекемелерінде шетелдік азаматтарға Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның тоқтатылуына байланысты, ЖСН алудың маңызды балама тәсілі туралы хабарлаймыз.

Сіздерге қолайлылық пен қажетті цифрлық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы болып табылатын eResidency ресми онлайн-платформасы іске қосылды. Аталған платформа арқылы цифрлық сәйкестендіруді және ЖСН-ды толықтай онлайн форматта төмендегі портал арқылы алуға болады: https://eresidency.gov.kz/en

eResidency арқылы ресімдеудің артықшылықтары:

  • цифрлық ID-картаны және ЖСН-ды қашықтан алу;
  • банктік және бизнес мүмкіндіктеріне қолжетімділік;
  • Қазақстан Республикасына немесе консулдық мекемеге жеке барып келу қажеттілігінің болмауы.

Барлық мүдделі шетелдік азаматтарға ЖСН және оған байланысты қызметтерді алу үшін осы сервисті пайдалануды ұсынамыз. Өтініш беру рәсімін бастау үшін жоғарыда көрсетілген eResidency порталына өтіңіздер.

Электрондық цифрлық қолтаңба, қысқаша ЭЦҚ, түрлі онлайн қызметтерді (анықтамаларды алудан бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысуға дейін) алған кезде сіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңыздың функциясын атқара отырып, оның иесі туралы құпия ақпаратты қамтиды.  Сондықтан, қауіпсіздікті сақтау мақсатында ЭЦҚ қолданысын жыл сайын ұзартып отыру қажет. Сөйтіп, сіз сертификаттар жоғалмағанын және өзіңіздің қолыңызда болғанын, бөтен адамдардың қолына түспегенін растайсыз.

«Жеке сәйкестендіру нөмірі» ЖСН – Қазақстандағы кез келген цифрлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін керек. Шартты түрде бұл сіздің сервистер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға құқылы адамдардың деректер базасындағы бірегей кодыңыз.

  1. ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының сайтына кіру (http://www.pki.gov.kz);
  2. ЭЦҚ алуға өтінімді толтыру;
  3. ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігінің консулдық бөліміне өтінішпен, жеке басын куәландыратын құжатпен (паспорт), паспорттың негізгі бетінің көшірмесімен келу;
  4. Елшіліктің консулдық бөлімінде өтінім расталғаннан кейін ЭЦҚ жүктеу үшін өтініміңіздің статусын тексеру функционалын пайдаланыңыз. Ол үшін «өтінім статусын тексеру» бөліміне өтіңіз http://www.pki.gov.kz.
  1. Көрсетілетін қызметті алушының қолданыстағы жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасында берілген фотосуреті бар жеке басты куәландыратын құжат) немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттік деректер базасындағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
  2. SMS алу мүмкіндігі бар қазақстандық нөмірдің болуы;
  3. Сіздің дербес компьютеріңізде веб-камера (немесе камерасы бар ұялы телефон) болуы керек;
  4. ЭЦҚ-ны одан әрі орнату және пайдалану үшін  NCALayer бағдарламалық жасақтамасын орнату қажет.

Толық ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://pki.gov.kz/kk/

Егер сіз бұрын электрондық цифрлық қолтаңбаны алған болсаңыз, онда жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сілтеме бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының жеке кабинетте жаңа кілтті қайта шығаруға болады.

  • 15 минут
  • Бесплатно

 

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Сұрауларды электрондық поштаға жіберуге konsulatkz@gmail.com  немесе телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз: +48 (22) 651-58-61
Дата публикации
04 февраля 2026
Дата обновления
05 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

05 мая 2026
Алтын виза» және салықтық жеңілдіктер: Қазақстанның көші-қон саясаты қалай өзгереді
05 февраля 2026
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
04 февраля 2026
ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу

Социальные медиа

Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі
Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі
Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары