1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өзі (балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге Өтініш және келесі құжаттарды ұсынады:
2) туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат.
Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда);
3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде);
4) өлшемі 6х9 сантиметр түрлі-түсті екі фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);
5) Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде);
6) Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) шетелге бару үшін берілген паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде);
7) тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжат (түпнұсқа және көшірме);
8) Консулдық орналасқан елдің құзыретті органынан апостиль мөрі қойылғаназаматтығы жоқ екендігі туралы анықтама;
9) консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.
Ескерту:
- шет тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариалды куәландырылуы тиіс;
- Қазақстанда тіркелу қажет;
- көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.