Жеке және заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) құжаттарды заңдастыру үшін Консулдық қызмет департаментіне немесе шетелдегі мекемеге еркін нысанда жасалған өтінішке қоса келесі құжаттарды береді:
жеке тұлға үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);
2) заңдастыруға жататын құжат;
3) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
заңды тұлға үшін:
1) өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);
2) заңдастыруға жататын құжат;
3) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
4) құрылтай құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);
5) өкілеттікті растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы).
Заңдастыруға құжаттардың тұпнұсқалары, сондай-ақ олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері қабылданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні.
Консулдық алымның құны - 25 евро.
Консулдық қызметтерге кезекті онлайн брондау сілтемесі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/online-booking?lang=kk
Шетелдік мекемелермен және ұйымдармен берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуы және нотариалдық түрде куәландырылуы қажет.
Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған және Қазақстан Республикасының тысқары жерлерде әрекет жасауға арналған құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 тіркелді) бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереженің 10-тарауында бекітілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Өтініш беруші Қағидалардың осы тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда уәкілетті қызметкер немесе консул өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжатты қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда консулдық бөлімге келесі байланыс деректері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: konsulatkz@gmail.com., +48 (22) 651-58-61.
ҚР Салық кодексі 629-бабының 7-тармағына сәйкес сұрау салу қанағаттандырылмаған жағдайда төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.