Меню

Страницы

Статья

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, ҚР азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидалары

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі) 89-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдіктерді есепке алу тәртібін анықтайды.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және туған жері, төлқұжат нөмірі, кіммен және қашан берлгенін көрсетіп, оларды есепке қою туралы жазбаша өтінішті (еркін нысанда жазылған), сондай-ақ келесі құжаттарды ұсынады:

  • осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қолдаухаты.
  • 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны (бұдан әрі – Ковенция) ратификациялаған мемлекеттерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар және Конвенцияны ратификациялаған елдердің азаматтары болып табылатын шетелдіктер үшін осы мемлекеттегі қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратынн органдарының қолдаухатын ұсыну қажет;
  • осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреті бар толтырылған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi толтырылған есепке алу карточкасы;
  • осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған жағдайда он сегіз жасқа толғанға дейін оның тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептерді асырап алу агенттіктері немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ұсыну бойынша өзіне міндеттеме жүктеу туралы нотариалды куәландырылған, сондай-ақ заңдастырылған немесе апостильденген өтініш-келісім.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдіктерді есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

Осы Қағидалардың 3-тармағында қарастырылған құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда немесе осы Қағидалармен қарастырылған талаптардың бұзылуы арқылы ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірушілер ретінде есепке қояды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке қойылғаны туралы тиісті анықтама береді. Анықтаманың көшірмесі есепке алу карточкасына қоса тіркеледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартылады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

Дата публикации
12 июня 2020
Дата обновления
12 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

05 мая 2026
Алтын виза» және салықтық жеңілдіктер: Қазақстанның көші-қон саясаты қалай өзгереді
05 февраля 2026
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
04 февраля 2026
ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу

Социальные медиа

Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі
Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі
Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары