Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
жеке тұлғамен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін;
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – бала асырап алу туралы куәлік немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшасыз түрде екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателіктерге байланысты бала асырап алу туралы акт жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде куәлiк берілгенi үшiн тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателіктерге байланысты неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде куәлiк берілгенi үшiн тегін көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мен сәрсенбі күндерінен басқа сағат 09:30-дaн 12:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1. Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2. бала асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
3. бала асырап алу туралы куәландырылған сот шешімінің көшірмесі;
4. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);
5. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру апостиль қою рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелді) талаптарына сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.
Консулдық қызметтерге кезекті онлайн брондау сілтемесі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/online-booking?lang=kk
Консулдық бөлімнің жұмыс тәртібі:
Қабылдау - тек алдын-ала жазылу бойынша
Қоңыраулар жұмыс күндері (сәрсенбі және мерекелерді санамағанда) сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда консулдық бөлімге келесі байланыс деректері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: konsulatkz@gmail.com., +48 (22) 651-58-61.
ҚР Салық кодексі 629-бабының 7-тармағына сәйкес сұрау салу қанағаттандырылмаған жағдайда төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.