«Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарының паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан – әрі ҚР ІІМ) Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылыҚазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерделерде тұрақты тұратын - Польшаға тұрақты тұруға шығу туралы мекен-жайдан шығу парағы немесе паспортта мөртаңба болуы қажет;
2) шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын - оқу орнымен келісімшарт болуы қажет;
3) шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін - еңбек шарты болуы қажет;
4) көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне - жоғарыда көрсетілген (1-3 пункттер) азаматтардың отбасы мүшелері;
5) шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;
6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтімжасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар адамдарға - жасы 60-тан асқан немесе медициналық мекемеден растайтын құжаттары бар азаматтарға көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өзі (балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш және келесі құжаттарды ұсынады:
1) туу туралы куәлік (16 жасқатолмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат.
Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда);
2) Қазақстан Республикасыазаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде);
3) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түстітөрт фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);
4) Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде);
5) Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) шетелге бару үшін берілген паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде);
6) тұрақты тұру (тұрақты тұруға шығу туралы рұқсат қағазы), оқу (университетпен келісімшарт және студент статусын растайтын анықтама), шетелде жұмыс істеу фактісін (жұмыс шарты), отбасы жағдайын растайтын (Польшада оқып немесе жұмыс істеп жүрген азаматтың қолындағы адамдар үшін), тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжат (медициналық мекемеден анықтама - түпнұсқа және көшірме);
7) Польша құзыретті органдарынан поляк азаматтығы жоқ екендігі туралы анықтама немесе Тұрақты тұру картасының көшірмесі және оның түпнұсқасы;
8) консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.
Паспорт ресімдеу үшін консулдық алым 75 евро құрайды.
Төменде паспортты ресімдеуге арналған құжаттардың тізімін жүктей аласыз:
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі немесе оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар, егер Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы Бiрыңғай қағиданы бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 маусымда № 1536 болып тіркелген)және «Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда № 16116 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апостильдеу не заңдастыру рәсімдерінен өткеннен кейін ғана қабылданады.
Консулдық қызметтерге кезекті онлайн брондау сілтемесі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/online-booking?lang=kk
Консулдық бөлімнің жұмыс тәртібі:
Қабылдау - тек алдын-ала жазылу бойынша
Қоңыраулар жұмыс күндері (сәрсенбі және мерекелерді санамағанда) сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда консулдық бөлімге келесі байланыс деректері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: konsulatkz@gmail.com., +48 (22) 651-58-61.
ҚР Салық кодексі 629-бабының 7-тармағына сәйкес сұрау салу қанағаттандырылмаған жағдайда төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.