Меню

Страницы

Статья

Құжаттарды апостильдеу

Қазақстан Республикасының мекемелері берген құжаттарды

«APOSTILLE» мөрімен растау жөніндегі

АҚПАРАТ

Қазақстан легализацияны жою жөніндегі 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының мүшесі болып табылады.

Аталған Конвенцияның талаптарына сәйкес, Қазақстанның әртүрлі мекемелері мен ведомстволары ресімдеген барлық құжаттар Польша Республикасының аумағында танылу үшін қазақстандық құзыретті органдарда «APOSTILLE» мөрімен расталуы қажет.

Қазақстандық құжаттарға «APOSTILLE» мөрін қою үшін аумақтық қатыстылығы бойынша жақын жердегі консулдық мекемеге жеке өтініш жасап, келесі құжаттарды үш данадағы көшірмесімен бірге тапсыру қажет.

  1. Апостильдеу туралы өтініш – 2 дана;
  2. Өтініш беруші паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі - 2 дана;
  3. Өтініш берушінің тегі, аты немесе әкесінің аты өзгерген жағдайда оның ТАӘ ауысуын растайтын құжаттын куәландырылған көшірмесі (апостильмен және қазақ немесе орыс тіліне аудармасымен бірге) - 2 дана;
  4. Консулдық бөлімнің шотына аударылған консулдық алымының түбіртегі.

Консулдық алым - 30 еуро әрбір құжат үшін (төлемді Консулдық бөлімге келер алдында 1-2 күн бұрын жасауларыңызды сұраймыз).  Төлем реквизиттері. 

Төлем жасау кезінде зейін қойыңыздар – консулдық алым кері қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 629-бабының 7 тармағы).

Апостиль мөрін қою үшін Қазақстан Республикасына жолданған құжаттарды өңдеу мерзімі орта шамамен 3 айды құрайды.

Консулдық қызметтерге кезекті онлайн брондау сілтемесі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/online-booking?lang=kk

 

Консулдық бөлімнің жұмыс тәртібі:

 

Қабылдау - тек алдын-ала жазылу бойынша

 

Қоңыраулар жұмыс күндері (сәрсенбі және мерекелерді санамағанда) сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда консулдық бөлімге келесі байланыс деректері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: konsulatkz@gmail.com., +48 (22) 651-58-61.

ҚР Салық кодексі 629-бабының 7-тармағына сәйкес сұрау салу қанағаттандырылмаған жағдайда төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды. 

Дата публикации
05 мая 2020
Дата обновления
05 мая 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

05 мая 2026
Алтын виза» және салықтық жеңілдіктер: Қазақстанның көші-қон саясаты қалай өзгереді
05 февраля 2026
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
04 февраля 2026
ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу

Социальные медиа

Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі
Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі
Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары