Елшінің Литва Көлік және коммуникация министрімен кездесуі туралы

Елшінің Литва Көлік және коммуникация министрімен кездесуі туралы

 

Вильнюс, 2025 жылғы 24 ақпан – Елші Тимур Оразаев Литва Көлік және коммуникация министрі Эугениюс Сабутиспен Қазақстан мен Литва арасындағы көлік-логистика мәселелерін талқылады.

Тараптар көлік коммуникациясының жаңа шарттарын талқылап, Қазақстан мен Литва үшін маңызды кейбір мәселелердің күрделілігін назардан тыс қалдырған жоқ. Олар Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдау тақырыбын бейінді бизнесті дамыту жағынан және көлік секторындағы жұмыс орындарын қорғау және сақтау жағынан да қозғады.  

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Литва арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша, оның ішінде екі ел арасындағы автомобиль көлігі бойынша Аралас комиссия және екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия аясында жан-жақты пікір алмасты. 

Т.Оразаев Қазақстан Үкіметінің көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) шеңберінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты.

Э.Сабутис Литваның ТХКБ-ны дамытуға, Қазақстанның көліктік жобаларын Балтық өңіріндегі логистикамен біріктіруге, оның ішінде Клайпеда порты арқылы мүдделі екенін растады. Осымен бірге ол ү.ж. қыркүйек-қазан айларында жыл сайынғы «TransLogistica Kazakhstan 2025» халықаралық көрмесіне қатысуға қызығушылық білдірді.

Екі жақтар ағымдағы және одан кейінгі жылдарға автомобиль тасымалдарына рұқсат бланкілерімен өзара алмасу мәселесі бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.