Қазақстан Елшісінің Литва Премьер-министрінің Бас кеңесшісімен кездесуі туралы

Қазақстан Елшісінің Литва Премьер-министрінің Бас кеңесшісімен кездесуі туралы

Вильнюс, 2025 жылғы 10 ақпан – Елші Тимур Оразаев Литва Премьер-министрінің Бас кеңесшісі Кестутис Кудзманаспен Қазақстан мен Литва арасындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады.

Тараптар екі ел арасындағы күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша, оның ішінде сауда, инвестиция, логистика, жасыл энергетика және т.б жай-күйі жөнінде пікір алмасты.

Т.Оразаев Үкіметтің шетелдік инвесторларды қолдау және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бойынша атқарып жатқан жұмысы туралы айтып, литвалық инвесторларды елімізге шақырды.

Тараптар екіжақты Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның жұмысына, әсіресе жасыл энергетика және экологиялық жобалары салаларында жан-жақты көмек көрсетуге келісті.