
Вильнюс, 2024 жылғы 13 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Адам Мицкевич атындағы Вильнюс ауданы қоғамдық кітапханасында қазақстандық кинорежиссер және сценарист, жазушы және қоғам қайраткері Ермек Тұрсыновтың литва тілінде шыққан «Мәмлүк» кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шара автордың бейне үндеуімен басталды. Е.Тұрсынов іс-шараға қатысушылардың барлығына оның шығармашылығына көңіл бөлгендері үшін алғыс айтып, кітаптың литвалық оқырманын табатынына сенім білдірді. Ол үшін бұл Сұлтан Бейбарыс ізімен Шығысты аралау мен зерттеудің қызықты процесі болды.
Кітапхана директоры Э.Банионите сөзіде «Мәмлүк» кітабы Абай Құнанбайұлы атындағы оқу залының маржаны болатынын атап өтті. 2020 жылы ашылған Абай залы тек Литвада ғана емес, бүкіл Балтық өңіріндегі қазақ мәдениетінің «тартылыс орталығы» болып табылады.
Аталған кітап Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің қамқорлығымен, демеушілік қаржыландырумен басылып шықты. Елшілік Қазақстанның Литвадағы Құрметті консулдарына, жергілікті қазақ диаспорасына, литвалық компанияларға және «Žara» баспа үйіне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіреді. Сонымен қатар, аударма жұмысын жасаған Вильнюс университетінің доценті А.Сметонаға ерекше алғыс білдірілді.
Іс-шараға қатысушылар қазақ көркем әдебиетімен танысу литвалық оқырмандардың еліміздің тарихы мен түркі мұрасы туралы танымын белгілі «Батыл болмас» («Born Bold») логотипін ақтайтын ірі тарихи тұлғалар мысалында кеңейтуге көмектесетініне сенім білдірді.
Литва тіліндегі «Мәмлүк» кітабы келесі жылдың басында жыл сайынғы «Vilnius Book Fair» кітап жәрмеңкесінде ұсынылады.
Іс-шараға Сейм депутаттары (Парламент), мемлекеттік органдардың, академиялық, қоғамдық және іскер топтардың өкілдері, сондай-ақ Литва бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.