Қазақстан мен Литва парламентшілері Еуропалық Одақпен визалық режимді жеңілдету мәселесін талқылады.

Қазақстан мен Литва парламентшілері Еуропалық Одақпен визалық режимді жеңілдету мәселесін талқылады.

Астана, 28 мамыр, Мәжіліс үйі. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан Литва Республикасы Сеймінің вице-спикері Юлиус Сабатаускаспен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастық аясында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады. Өзінің сөзінде Айгүл Құспан Литва Қазақстанның дәстүрлі Балтық өңіріндегі ғана емес, Еуропадағы маңызды және сенімді серіктесі болып табылатынын атап өтті. Геосаяси қиындықтарға қарамастан, елдеріміз арасындағы ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Бұл процесске парламентшілер де өз үлестерін қосуда. «Қазақстан Мәжілісі мен Литва Сейміндегі парламентаралық ынтымақтастық топтары сындарлы диалог жүргізуде», - деді депутат.