
Вильнюс Литва Өнеркәсіпшілер конфедерациясында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, Елші Тимур Оразаев, Қазақстан-Литва Іскерлік кеңесінің тең төрағалары мен мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты үкіметаралық комиссияның 14-ші отырысы қарсаңында өткен іс-шара барысында Қазақстан мен Литваның көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылын одан әрі дамыту, тауар айналымының құрылымын әртараптандыру, инвестиция және экономиканың басқа да салаларындағы мәселелер қарастырылды.
Былтыр литвалық «LTG Cargo» теміржол компаниясының «Транскаспий халықаралық көлік маршрутының халықаралық қауымдастығына» кіруімен ашылған Шығыс-Батыс бағытында контрейлерлік тасымалдауды арттыру мүмкіндігі атап өтілді.
Сондай-ақ Іскерлік кеңестің алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары, В2В форматында іскер топтардың кездесулерін ұйымдастыру және басқа да бірлескен іс-шаралар талқыланды.