
24-ші Халықаралық Вильнюс кітап көрмесінде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы, сондай-ақ литва тіліне аударылған және Қазақстан елшілігі мен «Жара» баспасымен шығарылған қазақ халық ертегілерінің жинағы ұсынылды.
Көрмеге келушілер Қазақстан әдебиеті классиктерінің шығармаларын аудару және қайта басып шығарудағы орасан зор жұмысты атап өтіп, ұсынылған кітаптарға қызығушылық танытты. Елшілік пен «Жара» баспасы бірлесіп жүргізіп жатқан жұмыстар литвалық оқырмандардың қазақ халқының мәдениеті мен тарихы, оның жаны мен тағдыры туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған.
Қазіргі таңда Қазақстан Елшілігі мен «Жара» баспасы қазақстандық автордың кітабын литва тіліне аудару және басып шығару бойынша жаңа жобаны әзірлеуде.
Халықаралық Вильнюс кітап көрмесі Балтық елдерінде ең ірі және маңызды кітап көрмесі болып саналады. Төрт күндік көрмеде 500-ден астам мәдени іс-шаралар өткізіліп, көрмеге 50 000-нан астам көрермен келді.