
Вильнюс, 2024 жылғы 21 ақпан – ҚР Елшісі Т.Оразаев Литваның Экономика және инновациялар вице-министрі К.Жемайтиспен кездесіп, алдағы Қазақстан-Литва Сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 14-ші отырысына дайындық барысын талқылады.
ҮАК отырысы аясында Қазақстан мен Литва арасындағы сауда, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, экология, білім, мәдениет және туризм салалардағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері мен перспективаларын қарастыру жоспарлануда.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың көптеген мәселелері бойынша өзара түсіністікке ие болатын екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды атап өтіп, мемлекеттік органдар деңгейінде де, бизнес деңгейінде де байланыстарды арттыруға өзара мүдделілік танытты.