
ҚР Елшісі Т.Уразаев Литва Президенті Г.Науседаның елде тіркелген елшілермен жыл сайынғы кездесуіне қатысты.
Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған күш-жігерлері үшін шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларына ризашылығын білдіріп, Литваның ішкі және сыртқы саясатының бағыттарымен, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.