
Құрметті азаматтар!
2020 жылғы 2 маусымнан Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігінің консулдық бөлімі азаматтарды қабылдауды шектеулі тәртіпте қайта бастайды.
Азаматтарды қабылдау сейсенбі және бейсенбі күндері (9.00 – 12.00 сағ.) алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады (тел. +370-5-231-3070).
Елшіліктің консулдық бөліміне келген кезде қорғаныс маскасы мен қолғапты пайдалану міндетті болып табылады. Азаматтарды қабылдау бөлмесінде бір адамға ғана болуға рұқсат етіледі (бір отбасы мүшелерін қоспағанда).
Қазақстан Республикасының
Литва Республикасындағы Елшілігі