Литва Сеймінде Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты талқыланды

Литва Сеймінде Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты талқыланды

Вильнюс, 2023 жылғы 17 қазан – Литва Сеймінде Республика күні қарсаңында дөңгелек үстел өтіп, онда Қазақстан Президентінің Жолдауының негізгі тармақтары талқыланды. Іс-шараға Парламент пен Достық тобының басшылығы, түрлі фракциялар мен комитеттердің өкілдері қатысты.

ҚР Елшісі Тимур Уразаев Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, азаматтардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту шаралары тұрғысында үкіметтің алдында қойған ағымдағы міндеттері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Халықаралық ынтымақтастық салаларына, соның ішінде көлік-логистикалық мәселелерді шешуге, халықаралық дәліздерді дамыту мен Қазақстандағы сауда-инвестициялық жобаларға ерекше көңіл бөлінді.

Геосаяси сын-қатерлері мен еліміздің сыртқы саясаты аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі ерекше атап өтілді. Ұлттық бірлік пен азаматтардың біркелкілігін нығайтуға негізделген тұрақтылықтың басымдығы туралы айтылды.

Қазақстандықтардың әлеуметтік және зейнетақы мәселелерін шешуде                     ҚР үкіметінің қабылдаған шаралары шынайы қызығушылық тудырды. Литва парламентшілерін тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру қажеттіліктерін шешу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану тетіктері қызықтырды.

Сейм Төрағасының орынбасары Юлиус Сабатаускас елімізден тыс жерлерде кеңінен талқыланып жатқан заңсыз алынған және қайтарылған активтерді қайтару шараларына қызығушылық танытты.

Қазақстан-Литва парламентаралық достық тобының төрағасы Эдмундас Пупинис «Болашақ» бағдарламасы аясында қазақстандық жастарды оқытудың бірегей тәжірибесін атап өтіп, оны жалғастыруға ұсыныс білдірді.

Депутат Риманте Шалашевичюте Қазақстан Президентінің Жолдауындағы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдаланудың қосымша мүмкіндігіне қатысты ережелеріне қызығушылық танытты. Оның пікірінше, бұл тәжірибе еуропалық елдерде мүмкін болуы үшін назар аударуға тұрарлық.