Елші Тимур Уразаев Вильнюс ауданының Адам Мицкевич атындағы қоғамдық кітапханасының директоры Эмилия Банионитемен 2020 жылдан бері жұмыс істеп тұрған Абай оқу залының кітап қорын толықтыру, қазақстандық және литвалық кітапханашылардың кәсіби алмасу үшін өзара сапарларын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Абай атындағы оқу залында литва, қазақ және ағылшын тілдеріндегі кітаптар ұсынылып, жергілікті оқырмандарына қазақ халқының тарихы мен мәдениетімен, салт-дәстүрімен, табиғаты мен өнерімен танысуға көмектеседі. Кітапханада қазақ оқу залымен қатар австриялық және қытайлық оқу залдары бар.
Қоғамымыздағы көпұлтты дәстүрлер тұрғысында Елші Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдаған этносаралық диалог тәжірибесіне, 7 мыңдық литвалық диаспораның бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталды. Конфессияаралық ынтымақтастық аясында ү.ж. 11 қазанда Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының ХХІ отырысы өтетіні айтылды.
1950 жылы негізі қаланған кітапханада ғылымның әртүрлі салаларындағы 500 мыңға жуық құжаттар, кітаптар, мерзімді басылымдар, музыка, картографиялық құжаттар, фильмдер, ноталар және әлемнің көптеген тілдеріндегі көркем әдебиеттер сақталған. Жыл сайын оған 200 мыңға жуық келушілер келеді, оларға 400 мыңға жуық басылым беріледі.