- Литваның құзырлы органдары Еуропалық Одақ аумағында сатып алынған жүк көліктерінің (жүк көтерімділігі 3,5 тоннадан астам) және оларға арналған қосалқы бөлшектердің (қозғалтқыштардың) шекарадан Беларусь пен Ресей территорияларына, одан кейін үшінші елдерге, соның ішінде Қазақстанға, өтуін тоқтатқанын хабарлаймыз. Егер ЕО-да сатып алынған жүк көлігімен Литва-Беларусь шекарасын кесіп өту әрекеті жасалса, жүргізуші (соның ішінде Қазақстан азаматтары) көлік құралын тәркілеуді қоса алғанда, әкімшілік айыппұл түріндегі жазаға тартылады.
- Сонымен қатар, Еуропалық Комиссияның ұсынысын орындау мақсатында ү.ж. 11 қыркүйектен бастап Литва кеден органдары Ресейде тіркелген көліктерді (жеңіл және жүк көліктерін) Литва аумағына өткізуді тоқтатты (Калининградқа немесе одан транзитпен өту жағдайларын қоспағанда; мұндай жағдайда транзиттік визаны немесе растайтын құжатты көрсету керек).
Литва кеден органдары басшыларының мәлімдемелеріне сәйкес, Литва кеден қызметкерлерінің нұсқауларына бағынбаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тарту, көлік құралын ұстау немесе тәркілеу қарастырылған.
Назар аударыңыз: Елшілік жоғарыда аталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын Литваға сапарға шықпас бұрын көлік құралдарын сатып алу, бұл елге кіру немесе кету тәртібі туралы өзекті ақпаратты алу үшін Литва Республикасының құзыретті органдарына хабарласуды сұрайды.