Вильнюсте Қазақстанға арналған көше галереясы ұйымдастырылды

Вильнюсте Қазақстанға арналған көше галереясы ұйымдастырылды

Вильнюс, 2023 жылғы 29 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Литва астанасының тұрғындары мен қонақтарының сүйікті серуендеу орны «Вингис» демалыс саябағына апаратын көшелердің бірінде фотогалерея ұйымдастырылды.

Фотокартиналар Қазақстанның көрікті жерлерін, табиғи ландшафттарды және туристерді қызықтыратын көркем бұрыштарды көрсетеді.

Жыл сайын 30 тамызда Қазақстанда Конституция күні атап өтіледі (Негізгі заң 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданып, қазіргі заманғы халықаралық құқық нормаларына сәйкес өзінің жаңа тарихында тәуелсіздік пен егемендіктің символына айналды).