
Вильнюс, 2023 жылғы 8 тамыз - «KazAID» Қазақстан халықаралық даму агенттігі және Литваның «CPVA» жобаларды басқару жөніндегі орталық агенттігі жобаларды бірлесіп іске асыру, Қазақстан мен Литва арасындағы дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Тараптар қазақстандық және литвалық агенттіктер арасындағы өзара әрекеттесу тәжірибе алмасу және Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуына бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерінде үлкен әлеуетке ие екендігін атап өтті. Сондай-ақ, қазақстандық делегация сапары барысында Литва СІМ және Литва Республикасының басқа да мемлекеттік және коммерциялық емес мекемелерімен кездесулер өткізді.
Сапар сыртқы контур бойынша әріптестік спектрін кеңейтуге және халықаралық қоғамдастықтың Қазақстан Республикасының тұрақты даму саясаты туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Бұл мәселелер а.ж. 17 маусымында Түркістан қ. өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты Ұлттық құрылтайының екінші отырысы кезінде Мемлекет басшысы атап өткен Қазақстан мәдениеті мен тарихын ілгерілету үшін KazAID әлеуетін тиімді пайдалану қажеттілігіне сәйкес ерекше өзекті болып табылады.
Анықтама: «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Қазақстан Республикасының ДРК саласындағы ұлттық операторы және Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады; 2020 жылы 15 желтоқсанда құрылған.
«CPVA» Литваның Орталық жобаларды басқару агенттігі 2003 жылы Литва Республикасының Қаржы министрлігі жанынан құрылған, мемлекеттік бюджеттен, ЕО-дан және басқа да халықаралық донорлардан қаржыландырылатын бағдарламалар мен жобаларды басқаруға жауапты.