Нұр Сұлтан қаласында екі аптаның ішінде жаңа модульдік инфекциялық аурухана салынды

Нұр Сұлтан қаласында екі аптаның ішінде жаңа модульдік инфекциялық аурухана салынды

Медициналық мекеменің жалпы аумағы 7 мың шаршы метрді құрайды. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 5,5 миллиард теңге бөлінді. Аурухана ғимараты тез құрастырылатын құрылыс технологиясын пайдалана отырып, модульдік блоктардан тұрғызылды. 200 орынға есептелген аурухана медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи құралдармен жабдықталған.