Түркі халықтарының өкілдері Тракайда өз салт-дәстүрлерін көрсетті

Түркі халықтарының өкілдері Тракайда өз салт-дәстүрлерін көрсетті

Қазақстан Елшілігі Литвадағы татар және қырғыз қауымдастығымен бірлесіп, салт-дәстүрлерін және ұлттық тағамдарын ұсынды.

Қонақтарға «тұсау кесу» ырымы көрсетіліп, қазақ диаспорасының өкілі - 7 жасар Али Қажымұрат Абай шығармаларынан үзінділер орындады.

Елшілік қызметкерлері биыл мерейтойлары дүние жүзінде кеңінен аталып өтілетін Сұлтан Бейбарыс, Темірбек Жүргенов, Мұрат Әуезов сынды қазақ халқының көрнекті өкілдерінің өмір жолы мен мұрасы туралы айтты. Сонымен қатар, Алаш Орда қозғалысы жетекшілерінің қызметімен және олардың қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы рөлімен таныстырды.

Шараға қатысушылар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, қазақтың ұлттық киімдерін көріп, еліміздің туристік әлеуетімен танысты.