Қазақстан Елшісі Т.Уразаев қазақ диаспорасы мен «Нұрсәуле» Литва қазақтарының қоғамының активімен кездесті. Жерлестермен кездесуде Қазақстан Республикасы Үкіметінің еліміздегі ағымдағы реформаларға қатысты шаралары түсіндірілді. Қазақстан қоғамының өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.
Мемлекеттің шетелде тұратын отандастарды қолдау шаралары, оның ішінде қазақ тілін үйренуге арналған электронды платформалар, «Отандастар» қорының қызметі және т.б. талқыланды.
Кездесуде мәдени іс-шаралар жоспары талқыланды, соның ішінде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы және қоғам қайраткері әрі дипломат М.Әуезовтің мерейтойы сияқты есте қаларлық даталармен байланысты.
2009 жылы құрылған «Нұрсәуле» Литва қазақтары қоғамы Қазақстан мен Литва арасындағы мәдени байланысты нығайтуға өз үлесін қосуда. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы кеңесінің және Литва Үкіметі жанындағы аз ұлттар қауымдастығының толық мүшесі. 2020 жылдың 3 наурызында көрнекті ойшыл және әлемдік деңгейдегі ғалымның туғанына 1150 жыл толуын мерекелеу аясында Литва ұлттық қауымдастығы үйінде «Нұрсәуле» қоғамы орнында «Әл-Фараби орталығы» ашылды. Орталыққа келушілер ұлы ғалымның кітаптарымен және қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне арналған анықтамалық әдебиеттермен таныса алады. Оның қызметі ең алдымен Қазақстан мен Литва арасындағы мәдени және ғылыми диалогты дамытуға бағытталған.