Қазақстан Елшілігінде өткен брифинг туралы

Қазақстан Елшілігінде өткен брифинг туралы

Елші Тимур Оразаев Литва Журналистер одағының мүшелеріне арналған брифинг өткізіп, онда геосаяси шиеленістің өсуіне және мемлекетаралық ынтымақтастықтың дәстүрлі үлгілерінің трансформациясына байланысты проблемалардың шешімін табу үшін шақырылған Астана халықаралық форумының қорытындылары туралы айтты.

Ол Форум жұмысының төрт негізгі бағытын атап өтті – сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік; халықаралық даму және тұрақтылық; энергия және климаттың өзгеруі; экономика және қаржы.

Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Форумда сөйлеген сөзінің негізгі тезистеріне, оның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалауға, Алматыда
БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға тұрақты даму мақсаттары бойынша өңірлік орталығын құруға, сондай-ақ 2026 жылы Қазақстанда аймақтық климаттың өзгеруі саммитін өткізу туралы ұсынысқа назар аударды.

Ол Қазақстанның тағы бір жаһандық бастамасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін шақыру және 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Астанада өткен оның 7-ші отырысының қорытындылары туралы хабардар етті.

Журналистер бір елде көптеген түрлі этностар мен конфессиялардың тату-тәтті өмір сүруін қамтамасыз ететін Қазақстанның этносаралық саясатында жинақталған бірегей тәжірибесін атап өтті.

Елші әлемдегі бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстанның тағы бір маңызды бастамасы – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін (АӨСШК) шақыру туралы айтты. Сонымен бірге, аяқталған Астана халықаралық форумы аясында Ұйымның стратегиясы ретінде Қазақстанның бейбітшілік пен прогреске деген ұмтылысы атап өтілді.

Екіжақты қатынастардың маңызды бөлігі болып табылатын мәдениет, білім және туризм саласындағы Қазақстан-Литва ынтымақтастығының ағымдағы жағдайына баға берілді. Атап айтқанда, журналистер Қыпшақтардың тарихымен және Мысырдағы Мәмлүктер әулетінің негізін қалаушы Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдық мерейтойымен қысқаша танысты.

Елші Қазақстандағы туристік-курорттық кластерді дамыту туралы айтып, қазақстандық курорттық қалалармен тәжірибе алмасу үшін делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыруды жақтады.

Журналистер танымдық кездесу және Қазақстандағы маңызды оқиғалар, түрлі салалардағы Қазақстан-Литва ынтымақтастығының дамуы туралы ақпарат үшін алғыстарын білдіріп, Қазақстанның орта және жоғары білім беру саласындағы озық тәжірибесін және біздің еліміздегі дарынды балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуді ерекше атап өтті.