Қазақстан Елшісі Клайпедаға жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Елшісі Клайпедаға жұмыс сапарымен барды

Елші Тимур Оразаев жұмыс сапарымен Литваның батыс теңіз қақпасы саналатын, порт қаласы - Клайпедаға барды. Бұл Балтық теңізінің шығыс жағалауындағы негізгі және мұзсыз порт. Клайпеда қаласының мэрі Арвидас Вайткуспен кездесуде ол Қазақстан-Литва өңіраралық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. Оны мэр болып сайлануымен құттықтай отырып, ол ұзақ жылдар бойы Қазақстанның экспорттық тауарларын Еуропаға жеткізу және транзиттік пункт болып қала беретін Литвадағы ірі көлік-логистикалық хаб ретінде қаланың маңыздылығын атап өтті.

А.Вайткус Қазақстанды жақсы біледі және оған бірнеше рет барған, оның ішінде Астанада, Қорғас МКҚК және басқа да инфрақұрылымдық нысандарда болған.

Сұхбаттанушылар ынтымақтастықтың түрлі мәселелері, соның ішінде Ақтау мен Клайпеда арасында бауырлас қала қарым-қатынасын орнату, порттық қалалардың инфрақұрылымын басқару және дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Клайпеда университетінің ректоры Артурас Разбадаускаспен кездесу өтті. Елші еуропалық порт қалаларындағы университеттердің, соның ішінде Клайпеда университетімен жоспарланып отырған бірігуін ескере отырып, Қазақстанда ірі шетелдік университеттердің филиалдарын ашудың басым болашағы ретінде атап өтті. Литвадағы сапалы білім бізде әрқашан сұранысқа ие екендігі және көптеген қазақстандық магистранттар, әсіресе медициналық мамандықтар бойынша Литвада тәжірибеден және тағылымдамадан өтіп жатқаны (ректор Разбадаускас та дәрігер) баса айтылды.

Ректор шетел студенттерін, оның ішінде Қазақстаннан келген студенттерді оқытудың шарттары, сонымен қатар біздің елмен академиялық байланыстар туралы сөз қозғалды.

Сапар мен кездесулерге Қазақстанның Құрметті консулы Бенедиктас Петраускас қатысты.

Клайпеда - әлемдегі ең үлкен теңіз порттарының бірі орналасқан Литвадағы көлемі жағынан үшінші үлкен және ең көне қала (1252 жылы негізі қаланған). Өнеркәсіптің негізгі салалары – химия, тамақ, ағаш өңдеу және жиһаз жасау, кеме жасау және кеме жөндеу. Қала экономикасында маңызды орынды қызмет көрсету секторы (порт және логистика, туризм және басқа да көптеген қызметтер) алады.