
Вильнюс, 2023 жылғы 15 мамыр - ҚР Елшісі Тимур Оразаев пен Литва Қаржы министрі Гинтаре Скайсте екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен кедендік бақылау саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
Елші ҚР Үкіметінің санкция мәселелері контекстіндегі Литва мен Қазақстан арасындағы сауда ағындарын кедендік реттеуді бақылауға, Еуропадан Азияға транзитпен қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруге қатысты шаралар туралы хабардар етті.
Ол қазақстандық тараптың жүк тасымалы саласындағы ақпарат алмасу бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.
Г.Скайсте Литва үкіметінің Еуроодақтың санкциялық саясаты контекстіндегі қадамдары және кеден органдарының жұмысындағы кейбір өзгерістері туралы айтты.
Сұхбаттанушылар екіжақты ынтымақтастық нысандарын жетілдіру мақсатында тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.