Друскининкай қаласына жұмыс сапары туралы

Друскининкай қаласына жұмыс сапары туралы

Друскининкай, 2023 жылғы 9 мамыр – ҚР Елшісі Тимур Уразаев пен Друскининкай қаласының вице-мэрі Линас Урманавичус Литваның курорттық астанасы мен Қазақстан өңірлері арасындағы ынтымақтастық пен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту перспективаларын талқылады.

Елші Қазақстандағы туристік-курорттық кластерді дамыту туралы айтты, Бурабай курорттық қаласымен туризм саласында ынтымақтастық нысандарын қарастыруды ұсынып, қала құрамында делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыруды шақырды.

Л.Урманавичус жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен 400 мыңға жуық қонақ қабылдайтын 14 мың тұрғыны бар қаланың даму тарихына тоқталды. Друскининкай ішкі инвестиция тарту бойынша Литваның көшбасшы болып табылады және Еуропадағы ең жақсы курорттардың бірі болып саналады.

Т.Уразаев қаланың бизнес қауымдастығымен кездесу өткізіп, оның барысында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстырып, елімізде, оның ішінде арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар аумағында бизнес жүргізудің артықшылықтары туралы айтты. Қазақстанға алдағы іскерлік миссияларға қатысуға шақырылды.

Литва кәсіпкерлері медициналық туризм, СПА-туризм, курорттық емдеу және ковидтен кейінгі оңалту саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.

Друскининкай - Литваның оңтүстігіндегі курорттық қала, 225 жыл бойы минералды суларымен, емдік балшықтарымен және емдік процедураларымен танымал. Қалада Литвадағы ең үлкен аквапарк пен Балтық елдеріндегі жалғыз шаңғы паркі бар.