
Вильнюс, 2023 жылғы 17 наурыз - Қазақстан Елшісі Тимур Оразаев Литва бұқаралық ақпарат құралдарына Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының алдағы сайлауына арналған брифинг өткізді.
Т.Уразаев еліміздегі саяси және экономикалық қайта құруларға ұйытқы болған өткен жылғы оқиғаларға, Қазақстанның сайлау заңнамасының жаңа нормаларына және сайлау науқанының кейбір аспектілеріне тоқталды.
"Lithuanian Tribune" газетінің бас редакторы Русланас Иржикявичус Қазақстанның прогрессивті жолмен келе жатқанын атап өтіп, литвалық әріптестерін елдегі демократиялық үрдістерді жан-жақты қолдауға шақырды. Ол Қазақстандағы прогрессивті реформалар өзінің логикалық және эволюциялық дәйектілігімен ерекшеленетінін, ал жаңа саяси күштердің билікке келуі көп жағдайда біздің еліміздің одан әрі қарай жылжитын бағытына байланысты болатынын атап өтті. Оның пікірінше, литвалық серіктестер «еститін мемлекет» және әділ әлеуметтік құрылымы бар «Жаңа Қазақстанның» дүниеге келгеніне куә болып отыр.
Журналистер дауыс берудің алдын ала болжамдары мен саяси партиялардың сайлауалды платформаларына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Брифинг соңында Елші Қазақстан-Литва ынтымақтастығының түрлі салалардағы өзекті мәселелері, екі елдің 2022 жылғы өзара іс-қимылының қорытындылары және екіжақты байланыстарды одан әрі арттыру жоспарлары туралы айтып өтті.