Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президентімен кездесу

Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президентімен кездесу

Қазақстан Елшісі және Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиева мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Г.Эфендиева Қордың түркі халықтарының мәдени және рухани құндылықтарын сақтау, насихаттау және болашақ ұрпаққа жеткізу бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты.

Қазақстандық дипломат Қор жүзеге асырып жатқан жобалардың маңыздылығын айта отырып, Қазақстанның да, жалпы түркі халықтарының да мәдени мұрасын, көне және бай тарихын ілгерілету бойынша алдағы жұмысына көмек көрсетуді ұсынды.

Сұхбаттасушылар литвалықтардың түркі мемлекеттері халықтарының тарихы, өнері және мәдениеті туралы білімдерін кеңейту мақсатында Елшілік пен Қордың бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті.