Қазақстандықтар Литвадан елге оралып жатыр

Қазақстандықтар Литвадан елге оралып жатыр

2020 жылғы 28 наурызда Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің қолдауымен Вильнюс, Каунас және Клайпеда қалаларында оқитын 15 қазақстандық студенттер Минскіге, содан кейін Нұр-Сұлтан мен Алматыға аман-есен ұшып шықты. Аталған бағыт "Белавиа" әуекомпаниясымен орындалатын, Отанымызға оралудың бірнеше бағыттарының бірі болып табылады.

Наурыз айының ортасынан бастап халықаралық әуе қатынастарының тоқтатылған уақытынан бері Елшіліктің қолдауымен 50-ден астам қазақстандық үйлеріне аман-есен оралды. Олардың арасында литвалық жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер, «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткендер және т.б. бар.

Жалпы, коронавирустық инфекцияның пандемиясы салдарынан әлемдегі жағдайдың шиеленісуі басталғалы бері, Елшілік Литвадағы отандастарымызбен үнемі байланыста. Осылайша, қазақстандық дипломаттар азаматтарға коронавирус пандемиясы кезінде қабылданып жатқан шаралар туралы үнемі ақпарат беріп тұрады, сондай-ақ Литвадағы ҚР азаматтарының санағын (консулдық есеп) жүргізеді.
Бұл мақсатта Елшілікте «жедел желі» телефондары ұйымдастырылған (+370-5-231-3070, +370-5-212-2123, +370-620-30-911, эл.пошта: vilnius@mfa.kz, consulate.vilnius@mfa.kz).