Қазақстан Елшісі "Avia Solutions Group" халықаралық холдингінде болды

Қазақстан Елшісі "Avia Solutions Group" халықаралық холдингінде болды

Елші Т. Оразаев "Avia Solutions Group" холдингінің кеңсесіне барып, авиация саласындағы Қазақстан-Литва ынтымақтастығының ағымдағы және перспективалық мәселелерін талқылады.

"Avia Solutions Group" Директорлар кеңесінің басқарма мүшесі Вигаудас Ушацкас ұсынылған екіжақты инвестициялық жобалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Атап айтқанда, ҚР Азаматтық авиация академиясының базасында өңірлік оқу орталығын құру, сондай-ақ ұшқыштарды оқыту бойынша Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) сертификатын алуға Азаматтық авиация академиясын дайындау мүмкіндігі талқыланды.

ICAO мен EASA заманауи талаптары бойынша білікті ұшқыштарды даярлау Қазақстанның авиация саласының басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі заманғы авиасимуляторларда олардың дағдыларын жетілдіру төтенше жағдайларда шешім қабылдау қабілетін ғана емес, сонымен қатар әлемдік жетекші стандарттар бойынша қазақстандық авиакомпаниялардың жолаушылар және жүк тасымалдарына ұшу қызметінің сапасын жақсартады.

Холдингтің «BAA Training» еншілес компаниясы базасында Литвада білім алып жатқан қазақстандық курсанттармен кездесуді ерекше атап өтуге болады.